Қазақстан елшісі еліміздің қажыларына көрсеткен көмегі үшін Мекке Әміріне алғыс білдірді » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Қазақстан елшісі еліміздің қажыларына көрсеткен көмегі үшін Мекке Әміріне алғыс білдірді

Қазақстан елшісі еліміздің қажыларына көрсеткен көмегі үшін Мекке Әміріне алғыс білдірді

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Берік Арын Мекке провинциясының Әмірі ханзада Халед бен Әл-Фейсал бен Әбдельазиз Әл Саудпен ізеттілік кездесуін өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы қарым-қатынастарының қазіргі деңгейін талқылап, мәдени-гуманитарлық және сауда-экономикалық байланыстарының кеңейту жолдары бойынша пікір алмасты. 

Қазақстандық дипломат Қазақстанның Корольдікпен саяси, сауда-инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі тығыз нығайтуға мүдделілігін қуаттады. Осы тұрғыда ол Жидда мен Мекке сауд-өнеркәсіп палаталарының көп жылдық тәжірибесін назарға ала отырып, екі ел іскер топтарының тікелей байланыс орнатуларын жан-жақты ынталандыру маңыздылығын атап өтті.

Елші САК Үкіметіне және Мекке провинциясының басшылығына, ханзада Халед Әл-Фейсалдың жеке өзіне Қазақстан азаматтарының Умра мен Қажылық жасаулары барысында көрсетілген көмегі үшін алғысын білдірді. 2019 жылғы қажылық маусымының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атай отырып, қасиетті Сауд Арабиясына елімізден үстіміздегі жылы 3200 қажының келгендігін жеткізілді.

Сонымен қатар, Б.Арын ханзада Халед бен Әл-Фейсалды ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мерзімінен бұрын биліктен кетуі туралы қабылдаған тарихи шешімінен кейін еліміздің ішкі өмірінде орын алып жатқан маңызды оқиғалармен таныстырды. 

Биік Мәртебелі ханзада Халед Әл-Фейсал мұсылман елдерінің ішінде алдыңғы қатарлы ел ретінде саналатын Қазақстанмен жанжақты ынтымақтастықты дамытуға Сауд Арабиясының дайындығына сендірді. Сондай-ақ ол Қазақстаннан және басқа да елдерден келетін қажыларға қолайлы жағдайлар жасап көмек көрсету Корольдіктің құрметті әрі мәртебелі парызы екендігін мәлім етті.

Мекке провинциясы Сауд Арабиясының батыс бөлігінде орналасқан және Корольдіктің халқы саны жағынан ең үлкен әкімшілік орталығы болып саналады (халқының саны 8,3 млн., территориясы 153 128 шаршы метр). Провинцияға 12 әкімшілік орталық (губерния) кіреді, оның ішінде елдің ірі экономикалық орталығы болып табылатын Қызыл теңіздің жағасында орналасқан Джидда қаласы бар.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Main news

Логотип

About the Portal

News from the country and the world!

© 2025 INFOZAKON. All rights reserved.