Egov.kz порталында кеңестерді видео арқылы алу мүмкіндігі жасалды » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Egov.kz порталында кеңестерді видео арқылы алу мүмкіндігі жасалды

Egov.kz порталында кеңестерді видео арқылы алу мүмкіндігі жасалды

Енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының операторлары бейнеқоңырау шалған қазақстандықтарға электрондық үкімет порталында видео арқылы кеңес бере алады. Egov.kz порталы экранындағы әрекетті бөлісу сервисін  «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандары жасап шығарды.

Видео арқылы кеңес беруші маманның көмегін алу үшін пайдаланушы басты беттің оң жақ төменгі бұрышындағы «Виртуалды ассистент» түймесін басуы керек. Ашылған терезеде бейнекамера белгісін таңдау қажет. Жүйе пайдаланушыдан бейнекамера мен микрофонның қосылуына рұқсат сұрайды. Бірнеше секунд ішінде ХҚО операторы клиентпен байланысқа шығады. Экрандағы әрекетті көрсету үшін қызмет алушы «Экран демонстрациясы» түймесін, содан кейін «Бөлісу» батырмасын басуы керек.

Осылайша, ХҚО операторы абоненттің мониторын көре алады және оған egov.kz порталында кез келген қызметті, оның ішінде ЭЦҚ-ны қашықтан рәсімдеуге көмектесіп, мобильді азаматтар базасына тіркей алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, экранды «бөлісу» сервисі оператор мен клиенттің арасындағы байланысты айтарлықтай жеңілдетті, өйткені қызметтерді ұсыну процесінде 1414 телефоны арқылы кеңес беру тиімді болғанымен, қашанда ыңғайлы бола бермейді. «Бұрын біздің операторлар клиенттен қай сілтемені, қай бөлім мен қызметті ашқанын үнемі сұрап отыратын. Енді біз экранда болып жатқан барлық әрекетті көре аламыз және клиентті қандайда бір қызметті алу жолдары бойынша бірден бағыттай аламыз. Бұл сервис азаматтарымыздың цифрлық сауатын қашықтан арттыруға да мүмкіндік береді», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус инфекциясының таралу қауіпінің сақталуына байланысты, ХҚО арқылы тек «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтерді алуға болады. Egov.kz порталы арқылы қолжетімді қызметтерді үйден немесе әкімдіктерде, білім беру және медицина ұйымдарында т.с.с. жерлерде орналасатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында алу керек. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша egov.kz порталындағы виртуалды ассистент кеңесшілері және 1414 бірыңғай байланыс орталығының мамандары көмектесе алады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 80% -дан астамы электронды форматта қолжетімді.

[xfvalue_img]

Rate the news

  • Your rating
Итоги:
Number of voters: 0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Main news

Логотип

About the Portal

News from the country and the world!

© 2025 INFOZAKON. All rights reserved.