Спорттық шара өтті » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Спорттық шара өтті

Спорттық шара өтті

21.12.2021 жылы ЗК-169/4 мекемесінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен мекемеде жазасын өтеушілер арасында спорттық шара өтті. Мақсаты  сотталғандардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.

Жарыс спорттың дойбы, шахмат, арқан тартыс, гір көтеру, қол күрес  түрлерінен өтті. Жарысқа мекемедегі барлық жазасын өтеуші сотталғандар белсенділік танытып қатысты. Арқан тартыста әр жасақтан бір –бір командадан қатысты. Қол күрес жарысына  білек күші мықты сотталғандар қатысып, жарыс көркін қыздырды. Қызықты да тартысты өткен жарыста  жеңімпаздар анықталып, мекеме бастығының «Алғысхатымен»  және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

 «Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Бала кезімнен спортты жаныма серік еткенмін. Мекемеішілік мәдени- спорттық шараларға жиі қатысып түрамын. Бүгінгі жарыста қарсыластарым да осал болмады. Жарыс қорытындысымен жеңімпаз атандым, ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»,- деді есептегі азамат.

«Мұндай спорттық шараларды жиі өткізу сотталған азаматтардың салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түзелу жолына түсуіне берері мол. Себебі, еңбекпен тәрбиелеу секілді спортпен тәрбиелеуді қатар алып жүрудің де маңызы жоғары. Алдағы уақытта қателікке бой алдырмай, қоғамда өз орны бар мемлекетіміздің азаматы болып, бостандыққа шығып, отбасыларыңызға аман-есен қауышыңыздар»- деді тәрбие бөлімінің бастығы Абдолла Уайдаев.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Rate the news

  • Your rating
Итоги:
Number of voters: 0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Main news

Логотип

About the Portal

News from the country and the world!

© 2025 INFOZAKON. All rights reserved.