ШҚО СПОРТШЫЛАРЫ ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНА 7 ЛИЦЕНЗИЯ ҰТЫП АЛДЫ
Бұл туралы «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында өткен тікелей эфирде Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Досжан Уалханов айтты.
«Бізге біраз уақыт бұрын тағы да қуанышты хабар келді. Паттайяда өтіп жатқан байдарка мен каноэда есуден Азияның Олипиадалық біліктілік турнирінде 500 метр қашықтықта каноэда есуде өнер көрсеткен біздің спортшылар Маргарита Торлопова мен Светлана Усова өз жарысында үздік нәтиже көрсетті. Осылайша олар байдарка мен каноэде есу бойынша екінші лицензияны жеңіп алды. Жиыны біздің облыстың қоржынында Токио олимпиада ойындарына қатысуға 7 лицензия бар деген сөз. Бұл сан әлі де өседі деген сенімдемін», - дейді Досжан Уалханов.
Бүгінгі күні Басқармаға бағынысты 46 спорт мекемесі жұмыс істейді, оның ішінде 39 балалар мен жасөспірімдер мектебі, 3 облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі және облыстық олимпиадалық резервті даярлау орталығы, облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат колледжі, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған клуб, дәрігерлік дене шынықтыру диспансері бар.
«Басқарманың ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» айдары бар, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер орналастырылған, сондай-ақ бұл сайтта 702-276 сенім телефоны жұмыс жасайтындығы көрсетілген. Сонымен қатар, конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін конкурсқа қатысушылармен әрбір әңгімелесу, бақылаушылар мен сарапшылардың қатысуымен өтеді, онда бақылаушылардың бірі ретінде ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Департамент өкілі қатысады, сондай-ақ бейнежазбамен тіркеледі», - дейді Басқарма басшысы.
Эфир барысында Досжан Уалханов өзінің жеке байланыс нөмерін (+7 777 250 1385) жариялап, қойылған сауалдарға жауап берді.
[xfvalue_img]