Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Ата Заңымызды қорғауда
Әрбір Ата Заң оның орындалуын қамтамасыз ететін бақылау құралдарын қажет етеді. Елдің жүйесіне байланысты ол функцияны орталық органдар немесе соттар атқарады.
Қазақстан Республикасының тарихында осындай қызметті екі орган атқарған, олар Конституциялық Сот пен Конституциялық Кеңес.
Конституциялық Сот дегеніміз конституциялық бақылаудың ең жоғарғы деңгейіндегі сот органы, ол бүкіл ел аймағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты 1992 жылы құрылған, 1995 жылы жаңа Конституция қабылданған соң соттың орнына Конституциялық Кеңес құрылды, ал 2023 жылы Конституциялық Сот қайта қалпына келтірілді. Оның құрамы өкілеттіктері сегіз жылға созылатын 11 судьядан тұрады: Төраға, төрт судья Президент тарапынан, үш судьядан Парламент палаталарынан тағайындалады.
Конституциялық Сот пен Конституциялық Кеңестің айырмашылығы фундаменталды.
1992 жылғы Конституциялық Соттың қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың жүгінулері бойынша Конституция нормаларының сақталынуын тексеру бойынша мүмкіндігі және басқа да маңызды өкілеттіктері болған, ал Конституциялық Кеңес тек заңнаманы түсіндіру мен қабылданып жатқан заңдардың Конституцияға, халықаралық келісімдерге сәйкестігін тексеру бойынша кеңес беруші орган ретінде қалыптастырылған.
Конституциялық Кеңестің Президенттің шешімдерінің, мемлекеттік маңызы бар басқа да сұрақтардың шешілуіне баға беру бойынша өкілеттігі болмады. Оған қоса, ел Президенті Конституциялық Кеңестің шешімдеріне қарсылық білдіру құқығына ие болған, ал азаматтарымыз Кеңеске тікелей жүгіну мүмкіндігінен тыс болған.
Мәселен, 1996 - 2022 жылдар аралығында қызмет еткен Конституциялық Кеңеске 200-ден астам жүгіну болған: 27-і Елбасынан келіп түскен, 77 өтінішті Парламент депутаттары жолдаған, 27-і Премьер-Министр тарапынан келіп түскен және 71 өтінішті соттар түсірген. Конституциялық Кеңес 140-тан астам нормативтік қаулы қабылдаған.
2022 жылғы 5 маусымда халықтық референдум арқылы Конституцияға толықтырулар мен өзгерістер енгізілді, оның ішіде, жоғарыда айтылғандай, Конституциялық Сот қайта құрылды.
Қәзіргі таңда Конституциялық Сот келесідей функцияларды атқарады.
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 72-бабына сай дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді, Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды, Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды, Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды, Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді, Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар береді және т.б.
2023 жыл ішінде ғана Конституциялық Соттың қарауына 5300 өтініш келіп түскен, олардың тек он шақтысы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан. Азаматтар көбінде тұрғын үй мен еңбек ету мәселелері бойынша, қоғамдық қорғалғандық пен азаматтардың банкроттығы туралы, сот актілерінің орындалмауы және т.б. сұрақтар бойынша өтініштер берді. Өтініштердің тек 27% ғана заңдардың конституциялылығын тексеру бойынша келіп түскен.
Бір-екі мысал келтірсек.
Бұрынғы құқық қорғау органы қызметкерінен келіп түскен, оның сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасағанына сотталғанға дейін қызмет өтілі бойынша тағайындалған зейнетақысын қайта қалпына келтіруден бас тарту мәселесі туралы өтініші қаралып Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының 2023 жылғы 27 наурыздағы №5 «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының 10-бабының 1-тармағы 3) тармақшасының, 64-бабы 1-тармағының, 65-бабы 2-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы» Нормативтік қаулысы қабылданған. Онда аталған заң нормалары Конституцияға сай болып анықталған, бірақ тек Конституциялық Сот берген түсіндірмеге сәйкес қолданылған жағдайда ғана. Аталған қаулының қарар бөлігінің бірінші тармағында былай делінген: «...қызмет өтіліне сәйкес тағайындалған зейнетақының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес тоқтатылуы тек зейнетақымен қамсыздандыру бойынша конституциялық құқықтың іске асырылуын реттейтін заңнамада тікелей көрсетілген жағдайларда ғана мүмкін ...». Бұл қаулымен Конституциялық Сот заңнамада тағайындалған зейнетақының тек екі жағдайда тоқтатылуы мүмкін екендігін алға тартады: зейнетақы алушының қайтыс болуы және ел шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен кезде. Сондықтан сот үкімімен сотталған тұлғаның, қылмыстық жауаптылыққа тартылуы оның зейнетақысын қалпына келтіруден бас тартуға негіз бола алмайтыны және заңды осындай тұрғыда қолдану ғана азаматтардың зейнетақымен қамтамасыз етілуі туралы конституциялық норманың Конституцияға сәйкес қолданғандығы болып есептелетіні атап өтіліді.
Екінші мысал, 2024 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының «Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 37-бабының 6-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы» №55 нормативтік қаулысы қабылдынды. Бұл жағдайда азамат аталған заңдағы ерлі зайыптылардың ортақ мүлігін бөлу бойынша үш жылдық талап қою мерзімі Конституцияға сәйкес келмейтінін келтірген.
Конституциялық Сот, мүліктік құқыққа байланысты қатынастар Ата Заңымыздың 14-бабына сай заң мен сот алдында жұрттың бәрі теңдігі принципіне негізделе отырып қолданылуы тиіс деген тұжырымға келген және аталған заң нормасы бұрынғы некеде тұрған азаматтардың өздерінің құқықтарын жүзеге асыру мерзімін неке бұзылғаннан кейінгі үш жылмен шектейтіндігін анықтады, алайда, даулы жағдай осы мерзімнен тыс уақытта пайда болуы мүмкін. Осылайша, Конституциялық Сот Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 37-бабының 6-тармағының «...неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезден бастап...» деген бөлігі Конституцияға сәйкес келмейтінін бекітті.
Конституциялық Соттың шешімдері түпкілікті және қайта шағымдануға жатпайды. Қаулылар ерекше жағдайларда ғана, тек қолданылған Конституция нормасы өзгеріске ұшыраған кезде, жаңадан ашылған мән-жайлар орын алса Президенттің немесе Конституциялық Соттың өзінің бастамасы бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы Г.Т.Есбергенова
[xfvalue_img]