Депутаттар мен полицейлер Петропавл қаласының орталығында кәмелетке толмағандар арасындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша түнгі рейд өткізді
Қалалық ювеналдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Петропавлдың орталық бөлігінде түнгі рейдтік іс-шара жүргізді. Аталмыш жұмыстар үш күндік «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберін
де ұйымдастырылды; оған инспекторлардан бөлек облыстық мәслихат депутаттары қатысты.
Түн ортасына жақын рейдтік топ орталық мәдениет және демалыс саябағының кіреберісінде, сондай-ақ жақын маңдағы аумақта бірқатар тексерулер жүргізді. Нәтижесінде стационарлық полиция пунктіне бір сағаттан аз уақыт ішінде сағат 23.00-ден кейін заңды өкілдерсіз көшеде әр түрлі себептермен жүрген кәмелетке толмаған бес жасөспірім жеткізілді. Балалармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, ата-аналарға қатысты ескерту түрінде жауапкершілік шаралары қолданылды. Құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанған ждағдайда ата-аналарға 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді. «Түнгі қаладағы балалар» операциясы шеңберіндегі түнгі рейдтерді қалалық ювеналдық полицейлер күн сайын өткізеді.
«Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінің қорытындысы бойынша кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс және ойын-сауық орындарында болғаны үшін 68 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісті түрде атқармаған 14 ата-ана әкімшілік жауапкершілік арқалады.
Мектептен кейінгі жазғы демалыс әлі де жалғасуда, сондықтан полицейлер ата-аналардың балаларын бақылауы қажет екенін еске салады; бұдан бөлек, кәмелетке толмағандардың өз бетімен түнде жүруіне жол бермеу, суға шомылатын орындарда қараусыз қалдырмау, оларды жалғыз жібермеу, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау туралы ескертеді.
Юрий Клыков
СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімі
[xfvalue_img]
1 пікір